ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Өңірлік коммуникация орталығында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының басшысы Ж. Түсмағамбетов пен Коммунистік халық партиясы облыстық филиалының бірінші хатшысы Талғат Тілеубаевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте спикерлер «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер жайлы баса айтты. Жолдаудан сәл бұрын ғана жарияланған билік тармақтарын бөлісу туралы Үндеуіне қолдау танытты.
Журналистермен жүздесуде спикерлер «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» елдің болашақ дамуының даңғылы болады деген сенім білдірді. Ал стратегиялық құжатта белгіленген басым бағыттар біздің алдағы ортақ істің қайнар көзіне айналуы тиіс.