«100 МӘСЕЛЕ – 100 ШЕШІМ – 100 КҮН»
Қазақстанның медициналық қауымдастығы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» атты әлеуметтік науқанын ұйымдастырды. Шара аясында Facebook әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджерінде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді анықтауға арналған сауалнама жүргізілуде, деп жазады министрліктің ресми сайты.
«Біз халық үшін, медициналық қауымдастық үшін маңызды, шешімін күттірмейтін, ең өзекті 100 мәселені анықтауымыз керек. Медициналық қызметті көрсету барысында ел тұрғындарына күнделікті кездесетін қиындықтар, денсаулық сақтау саласының түйткілді мәселелері туралы халықтың өтініштерін, пікірін білгіміз келеді. Сонымен қатар, медициналық қызметті оңтайландыруға, оның сапасын арттыруға негізделген ұсыныстарын тыңдағымыз келеді. Барлық ұсыныстар шешім қабылдау барысында ескерілетін болады»,-деді министр Елжан Біртанов.
«ainur.health@gmail» электронды адресіне келетін барлық шағымдар мен ұсыныстар өңделіп, әрқайсысына жеке номер беріліп, мазмұнына қарай топтастырылады «100 мәселе» тізіміне қысқа мерзімде, шартты түрде 100 күн ішінде шешуге болатын мәселелер енгізіледі. Біз шараның ашықтығын қамтамасыз ету үшін Facebook әлеуметтік желісінде азаматтар тарапынан түскен ұсыныс-шағымдардың тізімін түгелдей жариялап, өтінішке сілтеме жасай отырып, әрбір өтініш иесінің қарастырылып отырған барлық мәселелердің маңыздылығы, оның шешу жолдары жайында ақпаратпен таныс болып отыруын ұсынамыз. Шешім қабылдау үшін ұзақ уақыт пен талқылауды, ресурстарды қажет ететін сауалдар Денсаулық сақтау министрлігінің Комитет, құрылымдық бөлімшелері, аймақтық департаменттерінің басшыларымен талқыланып, саланың жүйелік бағдарламалары аясында шешіледі»,- деді «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының міндетін атқарушы Айнұр Айыпханова.
Азаматтар арасында сауалнамаға деген қызығушылықтың артқанын және оның ауқымдылығын ескере отырып, оны 17 ақпан сағ.: 18:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Ұсыныс, өтініштер 100@rcrz.kz поштасына қабылданады.