БАҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының алқа мүшелері басқосып, бірқатар келелі мәселенің жай-жапсарын талқыға салды.
Филиал төрағасы А.Сақыпұлы өткен үш жылда аталған ұйымға 42 журналист мүшелікке қабылданып, аға буын 4 қаламгерге «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы берілгенін және осы Одақтың ықпалдастығымен өмірден озған бірқатар белгілі шығармашылық иелеріне көше атауын беру оң шешімін тауып отырғандығын жеткізді.
Жиында алқа мүшелері өңірдегі журналистік қызметте байланысты бірқатар өзекті мәселелерді де ортаға салды. Әсіресе, базбір журналистердің кәсіби жауапкершілігіне қатысты белең алып бара жатқан күрделі жағдайлар өткір қозғалды. «Бірдің кесірі, жалпы әріптеске жақсы ат әкелмейтіні рас. Сондықтан, кәсіби жауапкершілікке қатысты түйінді мәселелерді ортақ талқыға салу керек. Бұл бойынша арнайы басқосулар өткізген жөн», дегенге уағдаласты алқа мүшелері.
Сонымен қатар басқосуда ақпараттық кеңістіктің жаңа сұраныстарына лайықты қызмет ету, Елбасы Жолдауын, мемлекеттік бағдарламаларды, маңызды басымдықтарды, аймақта атқарылып жатқан іс-шараларды халыққа жеткізудегі жұмысты жетілдіре түсу бағыттары сөз болды.
Б.БЕЙБІТ