СЫР ИМАМДАРЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ пен ынтымақ, бірліктің кепілі» атты Елбасы Жолдауына қолдау білдіру мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров, облыстық ішкі саясат басқармасының дін істері бөлімінің маманы Ерсұлтан Есов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары Маралбек Мұсаев қатысты.
Шараға қатысқан барлық қала және аудан, ауылдық округ мешіттерінің бас имамдарына Елбасы Жолдауының негізгі мақсаты мен аталған басым бағыттар түсіндірілді.
Елбасы Жолдауында: «Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек» деп айтылған.
Осы және басқа да Жолдау міндеттеген мақсаттар, басым бағыттар мен алға қойған жоспарлар турасында кеңінен сөз болды.
Шарада сөз алған имамдар өз қолдауларын білдіріп, пікірлерін жеткізді.