«ҚАЗАЛЫ КӘМПИТІ» ЦЕХЫНЫҢ ӨНДІРІС КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Бүгінгі таңда «Қазалы кәмпиті» цехында 4 түрлі кәмпит шығарылуда. Жобаның бастамашысы ретінде жеке кәсіпкер Нұржан Қазбергенов өндірілетін өнім түрін кеңейтіп, тағы 4 түрлі тәттілерді өндіріске қосуды жоспарлап отыр.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысушы атана отырып, жас кәсіпкер Нұржан Қазбергенов өнім түрін көбейту арқылы кәсіпорын қуаттылығын екі есеге арттыруға мүмкіндік алды.
«Даму» Қоры кәмпит шығаратын кәсіпорынға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 19% үстемемен 20 млн.теңге несие рәсімдеуі үшін 50% кепілдендіруді қолдады. Несиенің үстеме пайызы мемлекет тарапынан 10% көлемде субсидиялануда және соның нәтижесінде кәсіпкердің борыштық ауыртпалығы төмендеп, ол өз қаражатын үнемдеуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар,несие қаражатының көмегімен «Қазалы кәмпиті» өнімдері ерекше және бірегей жарқын түрдегі жаңа қаптамамен шығарылатын болды.
Еске сала өтсек, Нұржан Қазбергеновтың атақты «Қазалы кәмпиті» цехы – аймақтағы тәтті кәмпит түрлерін шығаратын автоматтандырылған жалғыз кәсіпорын болып табылады. Қазіргі таңда мекеме өнімдерін облыс көлемінде сатуда, алайда жақын арада Қазақстанның өзге де өңірлерінің нарығына шығуды көздейді.