ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОЙ МЕН ЕШКІНІҢ 50 ПАЙЫЗЫ ЖАҢАҚОРҒАНДА
Мал шаруашылығына бейімделген Жаңақорған ауданында төрт түліктің басы жыл өткен сайын артуда, деп хабарлайды «Жаңақорған тынысы».
Қызылорда облысындағы төрт түліктің үштен бірі Жаңақорған ауданында. Қой мен ешкінің 50 пайызы тиесілі. Мал шаруашылығын одан ары дамыту үшін жергілікті билік өндеу саласын дамыту жолдарын іздестіруде екен.
– Жаңақорған ауданында қуаттылығы жылына 7000 тонна болатын қозы етін дайындау комбинатын «Eurasia Agro Holding» ЖШС салады. Серіктестік ШҚО осындай жобаны жүзеге асыруда. Оны бітіргеннен кейін Жаңақорған ауданындағы комбинатқа кіріседі, – деді аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының бойында мал бордақылау кешені қамтылған үлкен мал базарын ашу жұмыстары атқарылуда екен.
Қожакент ауылдық округінде «Миялы» кооперативі құрылып, мал бағытында кешенді жұмыстар атқара бастады. Қазір кооператив 155 млн. теңгеге ет бағытындағы мүйізді ірі қараны алды. Қыркеңседе «Мырзабай – К» кооперативі шағын сүт цехын ашуға ниетті. Осындай жобалар мал шаруашылығын одан ары дамытуға септігін тигізеді.