АЙЫППҰЛДЫ ЖЕҢІЛДІКПЕН ТӨЛЕҢІЗ
Қызылорда облысында 2016 жылы 74 345 әкімшілік іс бойынша 332 570 069 теңге елу пайыздық жеңілдікпен өндірілген.
Әкімшілік айыппұлдарды жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, әлі де жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тарапынан түсініспеушіліктер туындауда. Осы тұста айыппұлдар жөнінде тағы да егжей-тегжейлі түсіндіріп өтейік.
Қай жағдайда әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болады?
Облыс тұрғындарына салынған әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі жөнінде бірі білсе, бірі біле қоймас. Егер, полиция қызметкері сізге қатысты әкімшілік хаттаманы рәсімдеу барысында, сіз кәмелетке толған болсаңыз және де өз кінәңізді мойындасаңыз, 7 тәулік ішінде салынған айыппұлдың 50 пайызын төлеу мүмкіндігін пайдалана аласыз. Алайда, жүргізу құқығынан айыру, әкімшілік қамау сынды әкімшілік жаза түрлері көрілсе, бұл жағдайда елу пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі қарастырылмаған.
Мысалы, егер жүргізушіге қатысты қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделсе, оған 5 АЕК, яғни 11345 теңге айыппұл салынады. Осы жағдайда жүргізуші өз кінәсін мойындап, салынған айыппұлмен келіссе, ол айыппұлдың 50 пайызын, яғни осы жағдайда 5672,5 теңгені 7 тәулік ішінде төлеуге құқығы бар. Полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесімен бірге белгіленген үлгідегі түбіртекті жүргізушіге тапсырады. Және айта кететін жайт, төленген түбіртекті жүргізуші әкімшілік практика бөліміне тапсыруы қажет. Көп жағдайларда тұрғындар бұл мән-жайларды ескермей, түсініспеушілікке әкеп соқтырады.
Ал егер де құқық бұзушылық полиция қызметкерімен емес, автоматты режимде жұмыс атқаратын арнайы фото-видеокамераларымен анықталған жағдайда айыппұлды толығымен төлеу қажет. Бұл жағдайда 50 пайыздық жеңілдік қарастырылмаған.
Айыппұлдарды қайда және қалай төлеуге болады?
Айыппұлды төлеудің бірнеше жолдары бар. Бүгінгі таңда айыппұлды әдеттегі кассалардан бөлек екінші дәрежелі банктердің терминалдары арқылы төлеуге де болады. Бюджеттік сыныптама коды – 2014106, айыппұлды төлеуге әкімшілік хаттама нөмірі де керек. Сонымен қатар, айыппұлды egov.kz электронды сайты арқылы да төлеуге болады.
Еgov.kz электронды сайты арқылы айыппұлды төлеу үшін құқық бұзушының ЖСН болуы тиіс. Төлеген соң төлем парақшасын шығарып ала аласыз.
Қызылорда қаласы Жібек Жолы көшесі №22 мекен жайында орналасқан Жергілікті полиция қызметінің ғимаратындағы әкімшілік практика бөлімінде кассадан бөлек терминал және Еgov.kz электронды сайты арқылы да төлей аласыз. Қала тұрғындарына төлеуге кеңесшілер көмек көрсетуде.
Айыппұлды төлеп қана қоймай, төленгені жөніндегі түбіртекті өткізу қажет екендігін тағы да естеріңізге саламыз. Осы сұрақ көп жағдайларда түсініспеушілік тудыруда.
Бұны Заң талап етеді. Салынған әкімшілік айыппұлды төлеген соң ҚР ӘҚБтК-де лауазымды тұлғаны хабардар ету жөнінде көрсетілген. Ал Заң бәрімізге ортақ. Айыппұл төленгені жөнінде түбіртекті әкімшілік практика бөліміне өткізуіңіз қажет. Егер фото-видеофиксация бойынша салынған айыппұл болса, онда ӘПБ Процессингтік орталығына өткізу қажет. Екі бөлім де Жібек Жолы көшесі 22 (бұрынғы ОблГАИ ғимараты) мекенжайы бойынша орналасқан.
Сонымен қатар түбіртекті пошта қызметі арқылы да жолдауға болады. Бастысы құжат уақытылы өткізілуі қажет.
Егер де айыппұл 30 күн мерзімде төленбеген немесе төленген түбіртек уақытылы өткізілмеген болса, ерікті төлеу мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік қаулы мәжбүрлеп орындату мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданады. Бұл жағдайда құқық бұзушы өзіне салынған айыппұлдан бөлек жеке сот орындаушысының қызметін төлеуге міндетті болады, яғни салынған айыппұлдың 25 пайызы. Бұдан бөлек уақытылы төлемеген жағдайда шет елдерге шығуда және мемлекеттік қызмет көрсетуде қиындықтар туындауы мүмкін.
Алтынбек Ахметов,
Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция
басқармасының бастығы, полиция полковнигі