АСТАНАДА ЖӘНЕ ОРАЛДА 1-9 СЫНЫПТАРДА САБАҚ БОЛМАЙДЫ
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігінің сайты хабарлады.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес Орал қаласы мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9-сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау майоры Нұрболат Мұқажановтың айтуынша, күн 28 градусқа дейін суытты. ТЖ департаменті сондай-ақ алдағы сенбі, жексенбі күндері облыс орталығы мен көптеген аудандарда күн суытатынын хабарлап отыр. Түнгі уақытта ауа температурасы -27 градусқа дейін, тіпті кей жерлерде -32 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз бірқатар жерлер мен Орал қаласы аумағында -25 градус болмақ. Еске сала кетейік, бұдан бұрын 7-8 ақпан күндері Оралда бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылған еді.