ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ДИХАНДАР КҮРІШТІҢ «МАРЖАН» ТҰҚЫМЫН «ЛИДЕРГЕ» АУЫСТЫРУДА
Жаңақорған ауданында ауыл шаруашылығы саласында жаңа бетбұрыстарға қадам жасалынады. Яғни, өнімділігі жоғары тұқымға қол жеткізу. Мұны аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков хабарлады.
1986 жылдан бері қолданыста келе жатқан «Маржан» тұқымын ресейлік «Лидер» тұқымына ауыстыру бағытында жұмыстар жүргізілуде екен. Бүгінде Қаратөбе, Келінтөбе, Қожакент және Қыркеңсе ауылдық округінің шаруа қожалықтары белсенділік танытып, өнімділігі жоғары тұқымға қол жеткізді. Жалпы, ауданның шаруашылықтары 65-70 пайызы жаңа тұқымды «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы төмен бағада алып, көктемгі егістікке дайын отыр.
Айта кететіні, жергілікті ғалымдардың көпжылдық еңбегінің арқасында сұрыптап шығарылған күріштің «Маржан» сортты тұқымы 20-30 жыл қолданыста болды. Осы аралықта тұқым ескіргендіктен өнімділігі төмендеді. Екінші жағынан, нарықтағы құны арзан. Мәселен, «Лидердің» келісі 300 теңгеден өтсе, «Маржанның» орташа бағасы – 100 теңге.