ҚОЙ ҚЫРҚУДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңа Зеландияда жарыстың жаңа түрі шықты. Жергілікті шопандар елдің оңтүстігіндегі Инверк-Аргилл қаласында қой қырқудан бүкіләлемдік чемпионат өткізді, деп хабарлайды 24.kz.
Жарысқа әлемнің 31 елінен 300 қатысушы жиналған. Мамандар төрт күнге созылатын тартыста 4 жарым мың қой жүннен арылады деп отыр. Қырқымға келгендердің өнері қайшымен қырқу, аппаратпен қырқу, жылдамдық, жүн тазалығы мен сапасы бойынша бағаланбақ. Әзірге сайыстың фавориті ретінде жергілі шопандар аталуда.
Айта кетейік, бүкіләлемдік қой қырқу чемпионаты биыл бірінші рет ұйымдастырылған. Келесі жарысты ұйымдастыру мәртебесін Франция жеңіп алыпты. Ол 2019 жылы өтеді.
- Бізде 10-15 мың бас уақ мал бар. Бірақ оларды уақтылы қырқудан жалыққан емеспіз. Қазір қойды дұрыс қырқуға үйрететін курстар аштық, - дейді Шун Оиши, Жапониядан келген шопан.