ӨРКЕНИЕТ КӨШІНЕ БАСТАЙДЫ
Мемлекет басшысының «Қазақстаның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы Қазақстанды өркениет көшіне бастаудың жарқын жолдары екенін көпшілік мойындап та үлгірді. Осынау стратегиялық маңызы бар құжатта тәуелсіздік алған жылдардан бастап елдің бүгінге дейін жүріп өткен жолын зерделеген Елбасы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуына айрықша басымдық берді.
Рас, Ұлт Көшбасшысының «бірінші экономика, екінші саясат» деген ұстанымы бүгінгі таңда өз жемісін бере бастады. Ширек ғасырлық даму кезеңінде Алаш жұрты қаншама белестерді артта қалдырды. Жаһандық бәсекелестік те қалыс қалған жоқ. «Нұрлы жол», «Ұлт жоспары» сынды жаңашыл бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асып, жоспарлы экономика нарықтағы қиыншылықтарды еңсерді. Арқа төсінде Астана қаласы бой көтеріп, сәулеті жарасқан Астанаға айналды.
Иә, кәсіпкерлік саласы үшін қолайлы жағдайлар жасалып, ауыл шаруашылықты дамытуға мән берілген Жолдауда жеке меншік серіктестіктердің көкжиегін кеңейту бастамалары да міндеттелді. Бұл әлеуметтің әлеуетін бұдан да жақсартуға даңғыл жол ашатын игі істердің бастауы екеніне сеніміміз мол.
Қойбағар Аяқбаев,
ҚР өнеркәсіп саласы бойынша І дәрежелі
«Еңбек даңқы» медалінің игері