МҰЗДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙЛАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ
Әрбір адам мұз үстінде балық аулау, аңға шығу кезінде төтенше жағдайға тап болуы мүмкін. Қыс мезгілінде табиғат адамға аяушылық танытпайды. «Мұзды аймақта» жарақаталу, адам өлімі, мұз астына түсіп кеткенде, далада қалып қою, т.б. Мұзда қалу жағдайында әрбір адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 градус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады. Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз - мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздың үсті мен аяқ астында майда жарықшақтар болмаса жүруге болады.
Егер сіз қыс уақытында балық аулауға барсаңыз, мына талаптарды САҚТАУЫҢЫЗ КЕРЕК:
Бір-біріне жақын көп шұңқырды жалаушамен белгілеп қойыңыз (түнімен қар үйіліп қалмас үшін);
Балық аулаушының өзімен бірге құтқару заттары болуы керек (12-15 м жіп); Жалғыз адам балық аулауға болмайды; Шұқанақта балық ауламаған жөн.
Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінгі мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді. Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы ескертеді: күз бен қыста, боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағысты өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.