ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МАҚСАТ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облыстық Тұтынушылардың құқтарын қорғау департаментінің басшысы Р.Нұртаев 2016 жылдың атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы баспасөз мәслихатын өткізді.
Оның айтуынша өткен жылы жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты қалыптасқан. Жұқпалы аурулардың 15 түрі бойынша аурушаңдық көрсеткіштері айтарлықтай төмендеген. Сондай-ақ, туберкулез ауруы 2015 жылмен салыстырғанда аурушаңдық 10 пайызға дейін төмендеп отыр. Аталған дерттен емделіп жүрген 762 науқасқа 137 млн теңгеден аса қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілгендігі белгілі болды.
- Департамент тарапынан қолданыстағы өнімдердің қауіпсіздігіне тұрақты бақылау жүргізіледі. Оның ішінде тағам өнімдері, ойыншықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған парфюмерлі-косметикалық өнімдер, тұрмыстық химия заттары, құрылыс материалдары. Айталық Қармақшы ауданындағы «Балалар әлемі», Жаңақорған ауданында «Магнит», Қызылорда қаласындағы «Ай-Ару», «Жайна» сауда үйлері мен «Аян» киім-кешек дүкенінен сатып алынған балаларға арналған киімдер техникалық регламенттерге сай келмейтіндігі анықталды. Сатып алынған материалдар әкімшілік сотқа жолданып, қызметтері 1 айға тоқтатылды, - дейді департамент басшысы.