ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша өрт қауіпсіздігі талаптары туралы оқушыларға ақпарат беру, өрттің алдын алу мен төтенше жағдайлар орын алған кезде атқару қажет іс-қимылдар туралы түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында Қызылорда қаласы басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры А.Оразбеков №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушыларына «Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар орын алғанда атқаратын іс-әрекеттер» тақырыбында үгіт-насихат жұмысын өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға түсіндірме жұмысы жүргізіліп, үнпарақтар таратылды, бейнероликтер көрсетілді. Оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жұмыс жасау тәртібі үйретілді.
Аталған шара жыл бойына жоспарланып, қарқынды түрде жүзеге асырылуда.
Аталған шара жыл бойына жоспарланып, қарқынды түрде жүзеге асырылуда.