ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПСІЗДІК МАҢЫЗДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзі Тәуелсіз еліміздің 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолындағы жаңа бағыт, жаңа жолы.
Рас, ширек ғасыр ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Мемлекетіміз ұстанған саясатының нәтижесінде халықаралық аренада жоғары беделге ие болды.
Елбасының Жолдаудағы қауіпсіздік ахуалын сақтау бағытындағы «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек» тапсырмасы бәріміз үшін маңызды. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу – ортаның, қоғамның, саналы азаматтардың ісі. Себебі, қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бейбіт өмірде кейбір зұлымдардың террорлық әрекетінен қаншама бейкүнә адамдардың өмірден өтуі әлем үшін қайғы. Осындай әркеттерге аспаны ашық, бейбіт өмірдегі жолынан адасқан өзіміздің қандастарымыздың баруы одан да өткен қасірет.
Бұл ретте 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада негізгі мәселе – деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі ескерілуі тиістігін, киберқылмыспен күрестің өзектілігін ескеріп, «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырды.
З.Рахымшаева,
Сырдария аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы