ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚЫСҚАРТУҒА ҰШЫРАЙДЫ
Қазақстанда А корпусындағы қызметкерлердің санын азайтуы мүмкін деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
"Талай жылғы жинаған тәжірибемізді ескеріп, А корпусы басқару органдарының қызметкерлері институтын жетілдіруге тиіспіз. Президент әкімшілігімен бірігіп, мемлекет басшысына берілетін концептуалдық ұсыныс әзірлеп қойдық.
Ол А корпусындағы лауазымдарды, жауапты хатшыларды, комитет төрағалары мен өңір орталықтарындағы аппараттардың басшыларын, қала және аудан әкімдерін қысқартуға байланысты", - деп мәлімдеді Қожамжаров 2016 жылдың қорытындысы бойынша өткен агенттік коллегиясының отырысында.
Оның айтуынша, мұндай жұмыс орындарына жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі мол басқа қызметкерлер тікелей конкурс арқылы келе алады.