АЛМАТЫ - ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС ҮШІН ТАМАША ОРЫН
Эстониялық сноубордист Каспар Григорьев Универсиадада 15-ші орынды олжалады, бірақ бұл нәтижеден салы суға кетпеді, себебі ол Алматыда баға жетпес тәжірибе жинап, отанына елеулі әсермен оралмақ, деп жазады Универсиаданың ресми сайты.
- Бұдан да жоғары нәтиже көрсете алмағаныммен, мен жақсы сайыс өткіздім, - деді ол. – Бұл жылы мен Әлем кубогының кезеңдеріне қатыспаған болатынмын, сондықтан Универсиада жеке өз басым үшін маңызды бастама болды. Қарсыластар өте мықты, бұл студент - спортшылар арасындағы бәсекелестіктің жоғары деңгейін байқатады, және жекелей біреуді атап көрсету қиын, олардың даярлық деңгейі жобалас. Бірақ ақтық мәреге шыққандар жарыстың басқа қатысушыларына қарағанда бір саты қуаттырақ. Басым уақытымызды жаттығуларда өткіздік және қаланы аралап көре алмадық, бірақ Атлеттер ауылында уақыт өткізу өте қызықты болды. Отаныма оралған соң міндетті түрде достарыма Алматыдағы тау демалысы үшін тамаша жағдай жасалғанын және, атап айтқанда, қысқы спорт түрлерімен еш кедергісіз айналысуға болатынын айтып беремін. Алматы – осыншама ауқымды сайыстарды тамаша өткізген керемет қала.