ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ЖӘНЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
8-ші ақпанда Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы жастар қанатының отырысы және семинар-тренинг болып өтті.
Жастар қанатының отырысын «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Гүлнар Сәрсенбай жүргізді. Жастар арасындағы этносаралық достық пен татулықты күшейту, беріктілікті нығайту мақсатында өткізілген шарада қатысушылар Елбасының жақында жариялаған Жолдауына байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Мұнан соң, этносаралық татулық пен толеранттылық тақырыбында KZOVOL тренингі өтті. Оны «Перекресток» қоғамдық қорының еріктісі Элина Шафигуллина жүргізді. Ал, әлеуметтік желілердің жас жеткіншектерге кері әсері мен жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстары тұралы теолог, «Ақиқат» қоғамдық қорының төрағасы Марат Нұржанов өз ұсынысын білдірді.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі