УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАҒАН ТАРИХИ ҮНДЕУ
25 жыл. Екі мүшел. Ширек ғасыр. Тарих көші үшін бұл қас-қағым ғана сәт. Ал тәуелсіздігін енді ғана алып, мемлекеттік негіздерін қалауға кіріскен мемлекет үшін жан алып, жан берісер қыл көпір ретінде көрінетіндігі жасырын емес.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында еліміздің жарқын болашағына күмәнмен қараған азаматтар да, елдер де болғаны қазір жасырын емес. Бірақ мемлекет басшысының сындарлы саясаты мен мықты президенттік билігі нәтижесінде барлық ауыртпалықтарды артта қалдыра алдық. Бүгінгі уақыт биіктігінен артымызға қарап, ғасырларға татитындай толағай істердің жүзеге асырылғанына көзіміз жетіп отыр. Бұл ең алдымен Ұлт Көшбасшысының еңбегі және оны қолдаған халқының жеңісі әрі жемісі.
Бүгінде әлем елдерімен тең әріптес ретінде мойындалған жас мемлекетіміздің алдында жаңа сындар мен уақыт талаптары тұр. Күн өткен сайын саяси жаңарудың қажеттілігі артып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Елбасының халыққа арнаған үндеуінде билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету мәселесі уақыт талабынан туындаған шешім екені даусыз.
Аталған бағыттағы реформаны байыпты әрі жүйелі жүзеге асыру арқылы Үкімет жасақтау ісінде Парламенттің ролін күшейту көзделуде. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал етіп, партиялар арасындағы шынайы саяси бәсекелестікке алып келеді деп сенеміз. Ал бұл өз кезегінде Министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады.
Жоғарыда аталған өзгерістер Елбасы ұсынған Ұлт жоспарының жүйелі түрде жүзеге асуының көрінісі болып табылады. Бұл Ұлт тарихының жаңа парақтарына алтынмен жазылатын саяси оқиғалар болып қалатыны сөзсіз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
«Құрмет» орденінің иегері Ашур ХАМИДОВ