ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ
Кәсіби мереке аясында Департаменттің және қалалық, аудандық бөлімшелердің жеке құрамына төтенше жағдайлар саласы ардагерлерімен кездесу, төтенше жағдайларда қаза болған құтқарушылардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою, облыстағы құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында түрлі спорттық жарыстар, қызметкерлердің балалары арасында сурет салу, өлең оқу сайыстары, сонымен қатар Қызылорда қаласының орталық алаңында қала халқы мен қонақтары үшін қазіргі заманауи құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларының көрсетілімі ұйымдастырылды.
17 қазанда Болашақ университетінің студенттер сарайында Құтқарушылар күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімдігінің басшылары мен облысымыздағы құқық қорғау органдарының басшылары, Департамент пен ҚР ІІМ ТЖК-нің облыс аумағында орналасқан құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларына тікелей атсалысқан басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ облыстағы төтенше жағдайлар саласы ардагерлері қатысты.
Салтанатты жиында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға белсене қатысқан, Қазақстан Республикасында өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде табыстарға қол жеткізген құтқару бөлімшелерінің 13 қызметкері ведомстволық марапатпен марапатталды.
Кәсіби мереке қарсаңында өткізілген спорттық жарыстарға қатысқан қызметкерлер де назардан тыс қалған жоқ. Спорттық сайыстардың жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты жиында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен «ТЖ органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облысымыздағы төтенше жағдайлар жүйесінің 6 ардагеріне демалыс сауықтыру орындарына 10 күндік жолдама табысталды. Салтанатты жиын мерекелік концертпен қорытындыланды.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі