ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДАМУ-КӨМЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 150-ГЕ ЖУЫҚ МҮГЕДЕК КӘСІПКЕР ҚОЛДАУ АЛҒАН
Қызылорда облысында «Даму-Көмек» бағдарламасы жүзеге асқан уақыттан бері 150-ге жуық мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер көмекке ие болды. Бұлар физикалық кемшіліктердің өз бизнесін құруда кедергі бола алмайтынын дәлелдеген жандар.
Бағдарлама аясында мүгедектерге бизнес жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар мен құрылғыларды белгілі кәсіпкерлер демеушілік көмек түрінде табыстайды. Бағдарламаның тағы бір бағыты – қашықтықтан оқыту әдісімен бастауыш және әрекет етуші мүгедек-кәсіпкерлердің біліктілігін көтеру болып табылады. Сондай-ақ, «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жүйелі түрде кәсіпкерліктің экспресс-курсы ұйымдастырылады.
«Даму-Көмек» бағдарламасына қатысушылардың бірі Бақыткүл Оспанова. Екінші топ мүгедегі өз кәсібін үш жыл бұрын бастаған. «Даму» Қорына Бақыткүл шаш қиятын электрлі машинканы алып беру жөнінде өтініш білдіріпті. Осыдан соң ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, «Жұлдыздарға қара» конкурсына қатысты. Қайтарымсыз грант ұтқып, өзінің шағын шаштаразын ашуға мүмкіндік алды. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкердің сөзінше гранттық қаражатқа ол барлық құрал-жабдықтарды сатып алды. Ал шаштараз орналасқан ғимаратты ол әзірше жалға алып отыр.