ДАМУҒА ҚАРЫШТЫ ҚАДАМ
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аралықта еліміз жасампаз жобалар мен жоспарларды жүзеге асырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ал Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттер мен мақсаттар осы 25 жыл ішіндегі табыстардың заңды жалғасы.
Биылғы Жолдау ұзақ мерзімді стратегиялық сипатқа ие. Жолдауда экономикадағы құбылмалы әсерлер кезінде қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді шаралар толық қамтылған. Жаңа жаһандық талаптарды назарға ала отырып, қазіргі таңда елдің ішкі әлеуетін күшейте түсу кезек күттірмейтін мәселе деуге болады. Осы мақсатта, Президент орнықты экономикалық өсімге, ұлттық экономиканы технологиялық жаңғыртуға, іскерлік ортаны жақсартуға, макроэкономикалық тұрақты¬лықты қамтамасыз етуге, адами капиталды сапалық тұрғыда арттыруға баса мән беріп отыр.
Сонымен бірге, Жолдауда айтылғандай, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, шағын және орта бизнес сынды салаларды дамыту ұлттық экономиканың өркендеуіне жол ашады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі саналатын агроөнеркәсіп кешенінің Қазақстан экономикасы үшін қаншалықты зор маңызға ие екендігі соңғы жылдары айқын байқалды. Сол себепті, алдағы уақытта да агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту көзделіп отыр.
Кооперативтердің рөлін күшейту, шикізатты тереңдетіп өңдеу әрі оны сақтау сапасын жақсарту, тасымалдау мен өткізу, егістік жерлерді кеңейту, аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестицияны көптеп бөлу сынды нақты шаралар ауыл шаруашылығы саласының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Осы орайда, қазірдің өзінде Қазақстан ауыл шаруашылығы секторының әлеуеті бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі саналатынын айта кету керек. Жалпы, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар Үшінші жаңғыруда алға қойылған міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуге өте тиімді ықпал ететіні анық.
Мырзағали КЕНБАЕВ,
Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық
ардагерлер кеңесінің төрағасы