ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
8 ақпан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жыл сайын облыс әкімінің атынан тағайындалатын білім гранттарының иегерлерімен кездесті. Сыр өңіріндегі сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алып жатқан 130 студент облыс әкімімен бейресми жағдайда жүздесіп, пікір алысты. Аймақ басшысы оларға оқуда табыс тілеп, жастардың болашағы үшін сапалы білімнің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ олардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді.
- Өскелең ұрпаққа сапалы білім беру – біздің басты мақсатымыз. Қызылорда облысы әлеуметтік саланы қаржыландыру бойынша елімізде алдыңғы орында. Аймақта шешілмеген шаруалар шаш етектен. Бірақ біз қаржыны жастардың білім алуына көбірек жұмсауға тырысамыз. Өйткені елдің ертеңі, болашағы, үміті – сіздер,- деді Қырымбек Көшербаев.
Кездесуге қатысушылар аймақ басшысына өздерін толғандырған сауалдарын жолдады, Қызылорда қаласында іске асыру үшін перспективалық, инновациялық жобаларын ұсынды. Сондай-ақ олар ән айтып, қолөнер туындыларын ұсынып, шығармашылық шеберліктерімен тәнті етті. Сондай-ақ кездесуде Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Үкіметінің есебінен білім алып жатқан сырбойылық студенттердің бейнеқұттықтауы жолданды.
Анықтама үшін: Қызылорда облысында әртүрлі себептермен мемлекеттік білім грантына қол жеткізе алмаған көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан мектеп түлектеріне үш жыл қатарынан облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді. Осы уақыт аралығында 512 түлек облыс әкімінің грантына ие болды. Студенттердің білім алуына, азық-түлігі мен жатын орындарына облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді.