КӘСІПКЕР ІСІ КӨПКЕ ҮЛГІ
Жақында қала орталығындағы бес қабатты үйде тұратын туысыма барып, жақсы үлгі алатын бір жаңалыққа тап болдым. Подъезге кірсем, бес-алты жігіт қабырғалардың ескі сылақтарын түсіріп күрделі жөндеу жүргізіп жатыр екен.
«Ойпыр-ай, мына тұрғындардың ПИК-і қандай жақсы мекеме» деп ойладым да, артынша «әй, жеңіл-желпі сылақ пен әктеуді жасайтын шығар, көп көз алдаудың бірі ғой» деген ой жеңіп кетті. Бұл жәйді ұмытып кетер ме едім, жұмысым болып ағайымның үйіне он күннен кейін тағы соқпағанымда. Кірсем баяғы жігіттер әлі істеп жатыр, есіктің алды ондаған қап цемент пен сыңғырлап күйген кірпіштерге толы. Жөндеушілер ескі ағаш терезелерді алып тастап орнына пластикалық терезелер қойған, олардың жан-жағын әдемі күйген қыш кірпіштермен қалаған, басқыштардың сынған темір шыбықтарын ауыстырған, қабырғалар теп-тегіс сыланған, шашылып, салбырап тұрған телефон мен ток сымдары бір жүйемен буылыпты. Бірінші қабаттың едені бетондалып бетін кафельмен қаптапты.
«Мұны кім істеп жатыр?» деген сұрағыма тұрғындар: «Осы үйде дүкені бар Қаһар Дадашев деген жігіт өз қаражатымен жасап жатыр» деген жауап алдым.
Осыдан кейін «Апырай, мынау тамаша үлгі емес пе! Қазір көп қабатты үйлердің қайсысында дүкен жоқ! Бәрінде де бар. Бір емес, бірнеше дүкендер орналасқан, кейбіреулерінің айлық тауар айналымының өзі алты цифрдан кем емес. Қазіргі ПИК-тер көп қабатты үйлермен айналысуды қойған (оған шамасы да жоқ). Неге қала әкімшілігіне осындай үйлерде орналасқан іс адамдарын өздері тұрған үйлерді жөндеуге қаражат бөлуге (ең болмағанда 15-20 жылда бір рет) міндеттемеске немесе оларға арнайы жөндеу жұмыстарына деп салықтан жеңілдік жасап, шот ашып қор жасауға мүмкіндік жасамасқа.
- Осы үйде тұрғанымызға 40 жылдай болды – дейді осы үйдің тұрғындары А.Сармағанбетова, Т. Суворова. – Ешқашан күрделі жөндеу жүргізілген емес. Бұл подъезде 15 пәтер тұрамыз, оның жартысы ғана тұрақты тұратындар. Қалған үй иелері пәтерлерін жалға беріп, басқа үйлерде тұрады. Уақытша тұрушылар үйге жаны ашымайды, бүлдіріп, сындырып, ластап кетеді. Амортизациялық шығын үшін ақша төлемейді. Ал мына күрделі жөндеуді өз қаражатымен жасап жатқан Қаһар інімізге әбден ризамыз. Өркені өссін!
Бұл айтқаныма қосарым - әңгіме болып отырған үй «Шапағат» ПИК-е қарайды, Тоқмағанбетов көшесінің екінші үйінде орналасқан. Қаһардан мына жасалып жатқан жұмыстың көлемін сұрағанымда «әзірше нақты айта алмаймын, жұмыс толық біткен жоқ. Шамамен 750-800 мың теңге болып қалар» деді. Кәсіпкер бастап отырған осы жақсы үлгіге басқа іс адамдары, қала әкімшілігі не дер екен?
С. ЖҮСІП