АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Бүгін ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы аймақтық штаб жетекшілерімен семинар-кеңес өткізді. Денсаулық сақтау министрлігі басшысы облыстық, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының басшылары қойған сауалдарға жауап берді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының үшінші кезеңі МӘМС-ті енгізу және өзге де МӘМС-ке қатысты мәселелер бойынша халықпен, кәсіпорын, ұйым, өндіріс орындары, шаруашылық ұжымдарымен, ҮЕҰ өкілдерімен жұмысты қарастырады.
–Елбасы өзінің биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында денсаулық сақтау жүйесіне Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша тапсырмалар берді. Ссонымен қатар, ҚР Үкіметі 3 ақпандағы кеңейтілген отырысында МӘМС-ті енгізу шараларына баса назар аудару қажеттілігі жөнінде нақты міндеттемелер берді. Сондықтан, ағымдағы жылы біз дайындық жұмыстарын мұқият орындауымыз керек, - деді министр.
Сонымен бірге, кеңес қатысушыларына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасына енгізілетін негізгі түзетулер түсіндірілді. МӘМС ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының бірінші және екінші кезеңдері бойынша аймақтық штабтардың атқарған жұмыстары сараланып, аймақтардың есебі тыңдалды. АТЖ-ның үшінші кезеңін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар талқыланды.