ҚАСИЕТТІ ҚАҒБАНЫ ӨРТЕМЕК БОЛҒАН ҚАСКӨЙ ҰСТАЛДЫ
Кеше қасиетті Мекке шаһарында төрткүл дүниені дүрліктірген оқиға орын алды. Қолына жанармай құйылған құты ұстаған белгісіз біреу қасиетті Қағбаны өртеуге ұмтылған. Абырой болғанда, қаскүнемді Қағба күзетшілері дер кезінде байқап үлгіріпті.
Харам мешіті қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Самех әл-Сильмидың айтуынша, қолға түскен қаскүнемнің жасы 40-тар шамасында көрінеді. Ол тек қасиетті Қағбаны ғана емес, өзін қоса өртеп жібермек болған. Осы үшін үстіне де жанармай құйып алған екен. Сильмидың айтуынша, қаскүнем психикалық ауруға шалдыққан сияқты.