ҚЫЗЫЛОРДАДА ШАМАМЕН 240 ЕСІРТКІ САТУШЫ СОТТАЛҒАН
Аудандық және оған теңестірлген соттарда есірткінің заңсыз айналымына байланысты 2016 жылдың 12 айында 239 адамға қатысты 213 іс, сыбайлас жемқорлыққа байланысты 39 адамға қатысты 35 іс қаралған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық соттың баспасөз қызметін үйлестіруші судьясы Шолпан Маликова мәлімдеді.
Оның айтуынша өткен жылы кінәні мойындау тәртібі процестік келісіммен 68 қылмыстық іс қаралып, теріс қылық жасаған 325 адамға жаза қолданылған. Тергеу судьяларының қарауына 1473 материал келіп түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 пайызды құрап 2,5 есеге артып отыр.
Бұдан бөлек брифингке Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғанибек Отарбаев, облыстық соттың баспасөз қызметін үйлестіруші судьясы Артур Наримов қатысты. Олар өз сөзінде жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстарын баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Фариза ОМАРОВА