ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 242 ҚОРҒАУ НҰСҚАМАСЫ БЕРІЛДІ
Жергілікті полиция қызметі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы қызметкерлерінің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 2017 жылдың 1 айында әйелдерге қатысты жасалатын қылмыстар саны өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 46,8%-ға төмендеген. Аталған құқық бұзушылықтардың туындауына көп жағдайда отбасындағы ұрыс-керіс, ерлі-зайыптылардың арасындағы қызғаныш және спирттік ішімдіктер себеп болады екен.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жетілдіру мақсатында 2009 жылдың желтоқсанында қабылданған «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына 2014 жылғы 18 ақпанда біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
Енгізілген жаңа өзгерістер қазірдің өзінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуда оң нәтижесін беруде. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 1 ай қорытындысымен тұрмыстық ортада зорлық-зомбылыққа жол бергендері үшін – 242 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылған. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы әйелдерге қарсы жасалған құқық бұзушылықтары үшін 251 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылса, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен – 54 азаматқа қатысты мамандандырылған әкімшілік сот шешімдерімен ескерту жасалынған.
Мәселен, 2017 жылдың 20 қаңтарында бір азаматша заңды некедегі күйеуі балаларының көзінше қол көтеріп, балалардың жәрдемақысы мен тапқан ақшасын қорқытып алып қойғандығы жөнінде ішкі істер органдарына арызданған болатын. Арыз негізінде күйеуіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес қорғау нұсқамасы белгіленді.
Ал, азаматша өзінің 4 баласымен әйелдерге арналған «Қамқорлық» дағдарыс орталығына орналастырылды.
Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының жартысы құқық қорғау органдарына көп жағдайда шағымданбайды. Осыған байланысты, зорлық-зомбылыққа душар болған әйелдерге көмек көрсету мақсатында халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-насихаттық шаралар жүргізіліп, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды аралау, моральдық-психологиялық жағынан қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының 262335 және Жергілікті полиция қызметінің 212604 сенім телефондары арқылы психологиялық-құқықтық көмек алуға болатынын ескертеміз.