НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыс әкімінің орынбасары Руслан РүстемовтІң төрағалығымен Қамқоршылық Кеңестің отырысы өтті.
Осыдан екі жыл бұрын Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық кеңесі құрылған болатын. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының 2020 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес құрылған кеңестің мақсаты Зияткерлік мектептің негізгі даму бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Кезекті отырыс барысында Қамқоршылық Кеңестің жаңа құрамы таныстырылып, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов Кеңес төрағасы болып тағайындалды.
Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе бойынша Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры, Қамқоршылық Кеңес мүшесі Бақыт Жұматай мектепте атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Мектеп түлектерінің шет мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарына түсу деңгейіне және таңдаған мамандықтарына талдау жасады. Зияткерлік мектепте жүргізілген «Қазақтың 100 әні», «100 кітап» секілді түрлі жобалар жайлы айтып өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов 2019 жылдан бастап облысымыздағы 75 мектепте сабақ ағылшын тілінде жүргізетінін мәлімдеді. Осы орайда, бүгінде жаратылыстану мен техникалық бағыттағы пән мұғалімдердің тілдік дағдыларын арттыруда және біліктіліктерін жоғарылатуда Назарбаев Зияткерлік мектептері үлкен үлес қосуы тиіс.