БІЗДІҢ КҮШ – БІРЛІКТЕ
Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларын барша қазақстандықтар ерекше ықыласпен күтетіні жасырын емес. Бұған негіз де бар. Себебі Елбасының Жолдаулары еліміздің әлемдiк кеңістіктегі іс-қимылдар бағдарын, ішкі саяси тұрақтылық мәселелері мен даму бағыттарын айқындайтын негiзгi тарихи құжат.
Тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма бес жыл ішінде еліміз отаршылдық пен тоталитаризм салдарынан болған рухани күйзелісті еңсеріп қана қоймай, қалыптасудың жаңа кезеңіне қадам басты. Әлемдік жаһанданудың қазіргі жағдайында ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты сақтап, жаңа серпіліс жасауымыз керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы осы мәселелерге арналған. Сонымен қатар, еңбек нарығын жаңғырту, азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылды.
Жолдауда көрсетілген адами капитал сапасын жақсарту басымдығы - білім беру жүйесінің рөлі өзгереді. Оқыту бағдарламалары сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағытталады. Қазақ тілінің басымдығы сақталып, әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді.
Қорыта келе, Елбасы биылғы Жолдауында алдағы атқарылатын жұмыстарды жік-жігімен талдап, нақты міндеттер жүктеді.
Қазақстанның үшінші жаңғыруы саяси конституциялық реформаның жалғасы болып табылады, елді демократияландырудың сенімді іргетасы, мемлекеттің, қоғамның, Қазақстанның көпэтносты халқының жаһандық тарихи ауқымдағы экономикалық және саяси дамуын негіздеуге бағдар берді.
Уәлихан ИБРАЕВ,
«Қоғамдық келісім» КММ директоры.