КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНДА НЫСАНДАР САНЫ КӨБЕЙЕДІ
Облыс аумағында жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту шеңберінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойынан қызмет көрсету нысандарының құрылысы үшін 37 орын белгіленді. Осыған дейін он алты нысан пайдалануға берілсе, 2017 жылдың аяғына дейін тағы 20 нысанды салып бітіру жоспарлануда.
Жалпы жарты әлемді жалғаған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойында қызмет көрсету нысандарының қызметін реттеумен арнайы жұмыс тобы тұрақты айналысады.