БЫЛТЫР ОБЛЫСТА 100-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ СУИЦИДТІ НАСИХАТТАЙТЫН ЖЕЛІГЕ ТІРКЕЛГЕН
Соңғы кездері әлеуметтік желілер мен WhatsApp мобильдік қосымшасында жастар арасында суицидті насихаттайтын «Синий кит», «Разбуди меня в 4:20», «Море китов» атаулы парақшалардан сақ болуға шақыратын ақпараттар кеңінен таралуда. Қызылорда облыстық прокуратурасы аталған ақпараттың желі қолданушылар арасында кеңінен таралуын тоқтату барысында жұмыс істеп келеді.
Былтыр облыстағы 26 мектептің 106 оқушысы «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің суицидті насихаттайтын парақшаларына тіркелу деректері анықталған болатын. Шұғыл шаралар қолданылып, ата-аналардың қатысуымен барлық оқушылардың аккаунттары өшірілді. Әрбір оқушыға жасалған жеке жоспар бойынша психодиагностикалық жұмыстар ұйымдастырылды.
Мектеп психологтары оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, балаларға бірлескен бақылау жүргізуде. Қазіргі таңда, оқушылардың психикалық көңіл-күйлері қалыпты жағдайда, белгілі болғандай балаларды бұл әрекетке жай ғана ойынға деген қызығушылық итермелеген.
Жыл басынан мұндай парақшаларға Қызылорда жастарының тіркелу фактілері анықталған жоқ, кәмелетке толмағандар арасында бірде бір суицид фактісі тіркелмеген.
Облыстық прокуратураның бастамасы бойынша уәкілетті органмен суицидті насихаттайтын 30 интернет-парақшалар бұғатталған. Бірақ, қаскүнемдер үшін атауын өзгертіп сол мазмұндағы басқа парақша ашу қиын емес.
Сондықтан, сабақ уақытында да, үйде де баланың көңіл күйіне, жүріс-тұрысына назар аударып, интернетке бақылаусыз кіруіне жол бермеу ұсынылады.
Жалпы, аталған іс-шара балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кешенді жұмыстардың бір бөлігі ғана.
Облыстық прокуратура былтырдан бері «Оқу орындарында қылмыстылыққа тосқауыл қою» жобасын жүзеге асырып келеді. Талдау көрсеткендей, смартфондар жағымсыз ақпараттың таралу көзі ғана емес, оқу орнында жасалатын қылмыстардың 65%-да қылмыстық қол суғу объектісі болып табылады.
Жоба аясында өткен жылдан бастап облыс бойынша барлық 299 орта мектеп пен 31 колледждің ішкі жарғыларына өзгерістер енгізіліп, смартфондарды алып жүруге тыйым салынды. Оқу процесінен алаңдатпау үшін бұл тыйым оқушыларға да, мұғалімдерге де қатысты.
Осылайша, бір жоба аясында 140 мың оқушы, 22 мың. колледж студенттері, олардың ата-аналары және 19 мың мұғалім, барлығы 350 мыңға жуық адам жұмылдырылды.
Қазіргі кезде мектеп пен колледж қабырғасында «Қоңырау-СМС» функциясы бар қарапайым телефондарды алып жүруге ғана рұқсат етілген.
Аталған бастаманың оңды нәтижесін байқауға болады, 2016 жылы кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың саны 157-ден 51-ге дейін үш есе төмендесе, қылмысқа барған балалар саны 125-тен 78-ге дейін -18%-ға азайды. Оқу жылы басталғалы мектеп қабырғасында бірде бір ұялы телефон ұрлығы орын алмаған.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі