АРАЛДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
«Арал ауданының экономикалық салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған жол картасы» аясында құны 93,7 млрд теңге тұратын 60 жоба іске асырылатын болды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.
БАҚ өкілдерінің алдында ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған аудан басшысы алдағы атқарылатын міндеттерге де тоқталып өтті.
Айталық, өткен жылы индустрияландырудың екінші кезеңі бойынша ауданда 3 жоба іске қосылған. Оның бірі «Аралтұз» кәсіпорны жанынан ашылған заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орны. Сонымен қатар, «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің құны 30,8 млн теңге болатын «Күйдірілген кірпіш өндірісі» жобасы және «Берекет» шаруа қожалығының 38,3 млн теңгенің «Ет және ет өнімдерін өндіру цехын салу» жобасы іске қосылып отыр. Нәтижесінде барлығы 241 аудан тұрғыны жұмыспен қамтылған. Бұдан бөлек, республикалық индустрияландыру картасына енген «Арал Сода» ЖШС-нің «Кальцилендірілген сода өндіру» жобасы жүйелі жүргізілуде.
- Ауданға өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 5,4 млрд теңге. Сондай-ақ, кәсіпорындар өнім өндіру көлемі 7,2 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі 120,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 111,0 пайызға өсіп отыр. Өңірдің экономикалық салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған жол картасы аясында іске асырылатын құны 25,3 млрд теңгенің 34 жобасы 2017 жылға жоспарланып отыр. Оның ішінде 2 жоба аграрлық салада іске асырылады, - дейді Мұхтар Әуесұлы.
Фариза ОМАРОВА