УНИВЕРСИАДА-2017: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Алматы қаласындағы XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойынына әлемнің 61 елінен спортшылар қатысуда. Осыған орай Алматы қаласының барлық азаматтық қорғау органдары және жедел қызметтерінің іс-әрекеті шараға қатысушылар мен қонақтарды қорғауға бағытталып отыр. Құтқарушылардың ойын кезінде жоғары дайындық режимінде болады. Оған Қызылорда қаласынан «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің жеке құрамынан 3 техника мен 10 қызметкер тартылған.
Топ жетекшісі – ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ басшысы Б. Ембергеновтің айтуынша осыған дейін «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нен 5 құтқарушы "Сұңқар” шаңғы трамплині аумағына кезекшілікте болды. ҚР ІІМ ТЖК "ОӨАЖҚЖ” ММ-нің 10 құтқарушысы 3 техника және құрал-жабдықтарымен "Республикалық жедел құтқару жасағы” ММ базасында орналасқан. Алматы қаласы ТЖД штабының нұсқауымен ҚР ІІМ ТЖК "ОӨАЖҚЖ” ММ-нің 5 құтқарушысы күнделікті кезекшілік атқаруда. Кезекшілік уақытында оқыс оқиғалар тіркелген жоқ.