АЛДАҒЫ ҚЫС ҚАТТЫ СУЫҚ БОЛАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ
Алдын ала болжам бойынша, 2015 жылғы қыс қатты болады. Бұл туралы бүгін Қазгидрометте өткен баспасөз мәслихаты барысында Гидрометорталықтың директоры Баян Сазанова мәлім етті.
"Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс 2013-2014 жылдың қысымен салыстырғанда суық болады. Қатты аязды қар араласып, құбылмалы ауа райы байқалатын болады", - деді Баян Сазанова.
Оның айтуынша, биылғы күздің жылы күндері әлі көп. Қараша айының алғашқы екі он күндігі жылы, бірақ жауын-шашынды болады. Ал, қар қарашаның соңғы он күндігінде жауады.
"Желтоқсан айында Қазақстанның шығыс бөлігіне аяз түсіп, батыс өңірде, керісінше, жылы ауа райы сақталады. Жалпы, бұл айда елдің солтүстігінде 30-35 градус суық, оңтүстікте 20-30 градус суық күн райы сақталады. Жаңа жылды аяз және қарлы боранда қарсы алуымыз әбден мүмкін", - деді ол.
Гидрометорталық басшысы қаңтар айы әдеттегідей қаһарына басатынын айтып, оңтүстік өңірлерде 25-32 градус суық болатынын, солтүстік аяз 43 градусқа дейін баратынын жеткізді.