МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУДА
Елбасының халыққа Жолдауын түсіндіру бағытында Арал ауданына бір топ мәжіліс депутаттары келді.
Аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен өткен кездесуге ауданның активі, БАҚ өкілдері және тұрғындар қатысты. Өз кезегінде, халық қалаулылары аталған саяси құжаттың елімізді дамыту жолындағы кезекті үлкен баспалдағы екенін атап өтіп, оны жүзеге асыру баршаға міндет екенін жеткізді.
Парламент депутаты М.Айсина кездесуде Елбасы Үндеуінің бағыты мен Жолдауының алғашқы басымдығын кеңінен тарқатып айтты. Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелерінің маңыздылығына тоқталып, белсенді жұмыс жасауға шақырды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сауалдар жолданып, тиісінше жауаптар алынды. Ал халық қалаулылары маңызды деген ұсыныстарды тиісті орындарға жеткізіп, талқылайтындықтарын білдірді. Айта кетейік, депутаттар бүгінгі басқосуда ауданның бірқатар азаматтарын арнайы алғыс хаттармен марапаттады.