«ӘМІРЕ ПАРИЖДЕ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әміре Парижде» (авторы Ж. Шәкәрімов) атты кітаптың тұсаукесерін өткізді. Қазақтың танымал дәстүрлі әншісі Әміре Қашаубайұлының (1888-1931) қайғылы өмірі жайындағы бұл тарихи-биографиялық очерктің басылымын министрлік қазақ халықының мәдени мұрасын сақтау мен қалпына келтіру бойынша мәдени-зерттеу бағдарламаларды жүзеге асыру аясында даярлады. Тұсаукесер ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, Астана қаласында өтетін ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі және әншінің 130-жылдығына орай арналды.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен кітаптың тұсаукесерін аша отырып, Арыстанбек Мұхамедиұлы Әміре Қашаубаевтың бірегей мұрасын сақтау халқымыздың мәдени және тарихи жадының маңызды құрамдас бөлігі екендігін айтып кетті.
«Әміре Қашаубаев – Еуропада өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі. Ол 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде қазақтың халық әндерін орындаған болатын. Сол кезде Парижде әншінің орындауындағы жеті ән фонографқа жазылып алынған. Бұл жазбалар тауып алғанға дейін біржола жоғалған болып есептеліп келді, алайда кейіннен Мәскеудің мұрағатынан табылды. 1975 жылы «Мелодия» дыбыс жазба фирмасы әншінің осы жазбаларын жеке пластинка етіп шығарған. Бүгін біз назарларыңызға жаңа басылым мен Әміренің әндері жазылған СD-дискіні ұсынып отырмыз. Биыл қазақстандықтарды «Әміре» көркем фильмінің тұсаукесері күтеді. Түсірілімдер аяқталды. Бұл Қазақстан мен Американың бірлескен жобасы. Осылайша біздің отандық киномыз әлемдік нарыққа шығады», - деп хабарлады министр.
«Әміре Парижде» кітабын басып шығаруға жас қазақстандық кәсіпкер Алидар Өтемұратов кеңінен қолдау көрсеткендігін айтып кету керек.
«Мен осы мәдени жобаны жүзеге асырылуына қатысу үлкен мақтаныш. Әміре Қашаубаевтың тағдыры да, дауысы да қайталанбайды. Тарихымызға оның бірегей мұрасын қайтару тарихи жадымызды қайта қалпына келтіру болып табылады. Жобаның келесі кезеңі – өзіміздің қазақ біртума дарыны туралы көркем фильм шығару. Көркем фильмнің түсірілмдері аяқталып, монтаждық жұмыстар басталды. Биыл қазақстандық көрермендер фильмді көре алады деп ойлаймын», - деді кәсіпкер.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және музыкатанушы Жарқын Шәкәрімнің кезекті кітабы Әміре Қашаубаевтың 1925 жылы Парижде өткен ЕХРО аясындағы әлемдік ән байқауында тамаша өнер көрсетуі және сол жерде тағдырын талқыға салған Мұстафа Шоқаймен кездесуі туралы баяндалады. Бірақ тағдырдың жазуымен, оның сиқырлы дауысы тарихта қалып, бүгінгі ұрпақтарына жетті. Парижде күміс медальға ие болған әншіні Еуропада аты аңызға айналған Энрико Карузомен теңестіріп, оның өнеріне Нобель сыйлығының лауреаты Ромен Ролланның өзі сүйсінген. Сондай-ақ, Әміре Қашаубаев Ұлыбритания мен Германияға гастрольдік сапарларға да шақыру алған болатын.
Кітап көпшілік оқырманға арналады. Жаңа басылымда Жарқын Шәкәрімұлының ертеректе шыққан «Әміре» (1977), «Ән жұлдызы» (1978), «Ән асқары – Әміре» (1988), «Әміре Қашаубайұлы» (2006) кітаптары жинақталған. Сондай-ақ, бұл кітапқа бұрын-соңды басылмаған таптырмас құжаттар мен Әміре Қашаубайұлының орындауындағы СД дискідегі әндері мен қолжазбалары қоса ұсынылған.