БАЙҚОҢЫРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ЕНДІ РЕСЕЙ ГВАРДИЯСЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
Ресейдің гаврдия жауынгерлері Байқоңыр кешенінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап хабарлайды.
"Мәскеу облысы бойынша Ресей ұлттық гвардиясы әскерінің орталық округі басқармасынан бір топ офицерлері генерал-лейтенант Павел Дашковтың жетекшілігімен Байқоңырға іссапармен барып қайтты. Дашковтың айтуынша, іссапардың мақсаты Байқоңыр кешенінің аймағында орналасқан Ресей гвардиясының құрамына ведомстводан тыс күзет пен арнайы жасақтың авиациялық отрядын енгізу мәселесін шешу", - делінген «РИА Новости» таратқан хабарламада.
Ресей тарабы аймақтағы қауіпсіздікті қаматамасыз етуде зор ынтымақтастық орнататынына сенім білдірді.
"Генерал-лейтенант Павел Дашков пен Николай Авдеев қалалық әкімшілік басшылығы, құқық қорғаушы органдар мен Ресей ұлттық гвардиясының әскерлері аймақтағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде бірлесе жұмыс істейтініне сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.