МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА
Қазалы ауданында өткен жылы 77 мүгедек жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, одан 38 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 21-і ақылы қоғамдық жұмысқа, жетеуі жастар практикасына, тағы екі тұрғын әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген болатын. Сонымен қатар, олардың арасынан 6 адам мал шаруашылығымен айналысу үшін, 1 тұрғын жүк тасымалы мақсатында несие алып, өз ісін бастады.
Жыл бойына жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұрған 26 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Оның 6-ы ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 16 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 1 адам өз бетінше жұмыс жасаса, 3 адам несие алуға өтініш берді.
«Өрлеу» жобасына 2,9 млн. теңге қаржы қаралып, 9 отбасындағы 62 адамға 1,6 млн.теңге шартты ақшалай көмек төленді.
«Өрлеу» жобасына 2,9 млн. теңге қаржы қаралып, 9 отбасындағы 62 адамға 1,6 млн.теңге шартты ақшалай көмек төленді.