БІЛІМ БЕРУ БАСТЫ НАЗАРДА
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі-жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды»,-деп, үштілді білім беру мәселесіне де тоқтала кетті.
Дегендей-ақ ағылшын тілі бүгінгі таңдағы жетекші тіл, ғылым тілі. Бұл тілді білмей жаңа технологияларды меңгеру, әлемдік деңгейдегі ғылымға үңіліп, оның құпияларын ашу, жастарымыздың білім кеңістігінде еркін самғауы толыққанды мүмкін еместігі анық болып отыр. Осы мәселені шешудің бірден бір жолы-жастарымызды үш тілділікке мектеп қабырғасынан-ақ бейімдеу.
Осыған орай үш тілде білім беру жүйесі бұдан әрі қарай да үлкен қолдау табатыны мәлім болды. Иә, білім беру жүйесіндегі жаңа реформа бойынша 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейір пәндер ағылшын тілінде оқытылатыны белгілі.
Ол үшін білімді маман даярлау басты назарда болуы тиіс. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет екені баса айтылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауында кәсіптік білім беру тегін жүргізіледі. Осы негізде жұмыссыз және өзін тиімсіз жұмыспен қамтыған жастарды, ересектерді өндірістік сауаттандыру керек делінді.
Білім беру-болшаққа жол нұсқау. Елбасымыздың нұсқап отырған жаңа жолы жарқын болашаққа бастар жол болатынына сенеміз.
Т. Баданов,
Арал аудандық №73 орта мектеп директорының
бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары