ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержановтың төрағалығымен Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің 2016 жылғы қызметінің қорытындысына арналған кеңес өткізілді.
Сала бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Болатбек Қосмұратов өрт сөндіру қызметінің жұмысының қорытындылары туралы баяндама оқыды. Тыңдау барысында істен шыққан өрт гидранттарының мәселесі көтерілді. Жеке құрамымен жеке тәрбиелеу жұмысы ерекше бақылауға қойылды.
Іс-шара соңында департамент бастығы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасындағы өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары туралы айтып, өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарына жеке құраммен рухани және материалдық проблемаларға бағытталған тұрақты жеке әңгімелесу жүргізуге нұсқаулар берді.
Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі