ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН ЖАУЫП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын жауып, көктайғақ болуы ықтимал, тұман түсіп, жел тұрады, деп хабарлайды BNews.kz.
Ақмола облысының жекелеген аймақтарында 15-20, кейде 25 м/с жылдамдықпен жел соғып, көктайғақ болады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, түнде Маңғыстау облыстарында 15-22 м/с дейін жел соғады. Ақтөбе облысының жекелеген аймақтарында көктайғақ болуы ықтимал, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23 м/с дейін жетеді деп болжануда. Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Павлодар облысының басым бөлігінде 17-22 м/с жылдамдықпен жел тұрып, тұман түседі. Сондай-ақ, 19-21 қазанда Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында, 21-22 қазанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын жауып, жекелеген жерлерде қар түседі, 15-20 жылдамдықпен оңтүстік-батыстан жел соғады деп болжануда. Температура бағамы түнде 0...-5-ке дейін, кей жерлерде -10-ға дейін суытып, күндіз 2-7 градус жылылықты көрсетеді. Сондай-ақ, 20 қазанда Ақмола облысында да жауын жауып (қар аралас жаңбыр), көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Астана қаласында 20 қазанда синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с дейін жел соғады.