ҮШ КЕЛІ МАРИХУАНА САҚТАҒАН ШИЕЛІЛІК ҰСТАЛДЫ
Қызылорда ОІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп марихуана сатумен айналысқан және аса ірі көлемде сақтаған 41 жастағы аудан тұрғынын анықтап, ұстады.
Осы жылдың 20 қаңтарында болған оқиға барысында сезіктінің үйіне тінту жүргізіліп, нәтижесінде есірткі затын пайдалануға арналған құрал мен есірткіге ұқсас зат салынған пакет анықталды. Аталған заттар заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы оның 2 келі. 896 гр.-ды құрайтын марихуана екендігін анықтады.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі және 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сезікті оқиға орнынан ұсталып, Шиелі АІІб-нің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.