ЖАҢАРУҒА ОҢ ҚАДАМ
Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі – еңбек өнімділігін арттыру. Сондай-ақ экспортқа бағытталған тауарларды молынан шығарудың да маңызы бар. Аграрлық секторды өрістету де күн тәртібінде тұр. Әсіресе, ауылдық жердегі ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, кооперативтер құру, сол арқылы мемлекет ұсынып отырған жеңілдіктер мен қолдау-көмекке ие болу жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді.
Жолдауда Мемлекет басшысы астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керектігін айтты. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажеттігін де нақтылады. Оған жетудегі бір тетік – жерді пайдалану тиімділігін арттыру. Суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40 пайызға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажет екенін де айта кетті. Бұл жағдайға Жаңақорған алқабы дайын. Мол өнім алуға болады. Жалпы айтқанда Жолдаудан туындайтын жүйелі бастамалар әсіресе ауыл шаруашылық саласының қарқынды дамуына үлкен дем береді.
Жұмагүл ӘЖІМБЕКОВА,
Жаңақорған ауданы, «Жан» шаруа қожалығының төрайымы.
Жұмагүл ӘЖІМБЕКОВА,
Жаңақорған ауданы, «Жан» шаруа қожалығының төрайымы.