ЖӘДІГЕРГЕ ЖАН БІТІРГЕН ОСПАНХАН
Оспанхан Мұсаев – ұлттық музыкалық аспаптар жасайтын санаулы шебердің бірі. Жаңақорғандық жігіт қазір тапсырысқа домбыра, қобыз әзірлеп жүр.
Дүние есігін 1975 жылы осы аудандағы Қосүйеңкі ауылында ашқан Оспанхан қатардағы көп баланың бірі еді. 1982 жылы Ынтымақ ауылындағы №161 мектептің бірінші сыныбына барды. Мектепті бітіргеннен кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсті. Бірақ, бойын жеті атадан берілген киелі өнер баураған жас жігіттің ойы ұлттық аспаптар жасауға ойысып еді. 1999 жылы жоғары оқу орнын «Еңбек және бизнес» мамандығы бойынша бітірген 24 жасар Оспанхан өзі білім алған мектепке оралып, еңбек жолын «Технология» пәнінің мұғалімі ретінде бастады.
Жәдігер өнерге жан бітірген жігіттің ата-баба мұрасына қызығушылығы ақыры оны осы кәсіпке алып келді. Қазір ол осы мектептегі шеберханасында қобыз бен домбыра ғана емес, кәдесый бұйымдарын дайындап, астау мен күбі, ер-тұрман шабады. Оның қолынан шыққан дүниелер қалалық, облыстық шеңберден асып, республикалық, халықаралық көрмелер төрінен орын тепті. Және өлмес өнердің қадірін танитындар тарапынан жақсы баға алды.
Қолөнерге деген ықылас оған ананың сүтімен, әкенің қанымен дарыды. Қу ағашқа жан бітірген Мұсаевтардың шеберлігі осы атыраптың әр адамына етене таныс.
Бүгінде Осапнханның өнерінің басты сыншысы оның әкесі Махамбет Мұсаев. Талай адамға домбыра, қобыз жасап берген ақсақалдың қолынан шыққан аспаптар шанағынан күй саулап, «сөйлеп» тұрады. Мазхамбет қария өзіне бұл қасиеттің әкесі Артай Мұсаұлынан дарығанын айтады. Осы маңайдағы көнекөздер Артай қарияның шапқан ерін ат-түйедей қалап алып кететіндер көп болған деседі.
- Үйдегі көне ер сол атамнан қалған, - дейді Оспанхан. – Мен үшін бойтұмардай қадірлі сол дүние өзіме сарқылмас қайрат пен шабыт беретіндей.
Мұсаевтар әулетіндегі жалғасқан жәдігер өнерге деген құштарлықтың бір бірі сыры осында жатса керек.
- Әлі күнге дейін әкемнің әр қимылын қадағалап отырамын, - дейді Оспанхан Мұсаев. – Бұл қолөнерші үшін ең керек қасиет. Шебер сонымен қатар ағаштың тілін, аспаптың үнін түсінуі керек. Бар ынты-шынтыңды салып, жүрекпен жасаған аспап қана «сөйлеп» тұрады. Сондай-ақ, біздің ісімізде уақ-түйек деген болмайды, таңдап аларда ағаштың түрі, жасы да ескеріледі. Ішекке ешкінің немесе қойдың жіңішке аш ішегі таңдалады.
Оспанханның жәрдемшілері өз отбасынан табылады. Әйелі Мейрамкүл Шибанова екеуі үш ұл тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Нұрәзиз қазір әкесіне кәдімгідей қолғанат. Одан кейінгі Әлішердің де қолөнердің қыр-сырын игеруге бейімі бар. Ал 6 жасар Қыдырәлі ата-бабасынан қалған дәстүрлі өнердің сырын ұға қоймаса да, домбыраның күмбіріне қызығады.
Бүгінде Оспанхан Мұсаев үздік қолөнер шеберлері арасында өтетін облыстық семинар мен халықаралық «ЭКСПО-2017» аясында ұйымдастырылатын көрме-конкурсқа әзірлік жасап жатыр. «Қолөнер шеберлерінің өңірлік орталығы» жетекшісі Қарлығаш Ілиясованың айтуынша жергілікті шеберлер үшін қолданбалы өнердің аясын кеңейтудің үлкен мүмкіндігі. Онда үздік деп танылған жұмыстар ЭКСПО-2017 көрмесіне қойылып, әлемнің әр түкпірінен келген туристер назарына ұсынылады.