САЯСИ РЕФОРМАДАҒЫ САЛМАҚТЫ ҚАДАМ
Бүгін өңірлік коммуникация қызметінде облыстық мәслихат депутаты, Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы Шаһизада Әбдікәрімов Елбасының билік тармақтарын бөлісу жөніндегі Үндеуіне байланысты пікірін білдірді.
«Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан Елбасы Үндеуінің әрбір қазақстандық үшін маңызы зор. Қоғамды жаңа дәуір мен жаңару күтіп тұрғанын білдіретін бұл Үндеу елдің келешек саяси дамуының кепілі»-деді Шаһизада Өтетілеуұлы.
Брифингте Үндеу еліміздегі демократиялық процестің ары қарай жалғасын тапқандығының дәлелі екендігі де айтылды. Әрі бұл биліктегі екі негізгі тармақтың –Үкіметтің және Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Үкімет пен парламенттің кәсібилігін олардың жауапкершілігін, елдің саяси экономикалық дамуындағы жауапкершілігін арттырып, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
«Бұл реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді» деді Шаһизада Әбдікәрімов.