АСТАНАҒА СИРИЯДА АТЫСТЫ ТОҚТАТУҒА КЕПІЛ БОЛАТЫН ЕЛДЕРДІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ КЕЛДІ
Астанаға Сириядағы атысты тоқтату режіміне кепілдік беретін елдердің делегациялары халықаралық техникалық кездесуге келді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Астанаға алдағы кездесуге қатысушы елдердің делегациялары келді. Бүгін олар консультация жүргізеді. Ал ертең сириялық реттеу бойынша халықаралық техникалық кездесу өткізіледі», - деді агенттікке ақпар беруші.
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Сирия мәселелері бойынша Астанада кезекті кездесу өткізілуіне орай түсінік берген еді. Оның айтуынша, қазақстандық СІМ-ге 6 ақпанда Астанада Ресей, Түркия, Иран делегацияларының және БҰҰ өкілінің қатысуымен сириялық реттеу бойынша халықаралық техникалық кездесу өткізу жөнінде өтініш келіп түскен.
Айта кетерлігі, атысты тоқтата тұру жөніндегі режімді сақтауды бақылау бойынша тетіктерді қалыптастыру жөнінде келісім 23-24 қаңтарда Астана процесі барысында Сирия бойынша халықаралық кездесуде қол жеткізілген болатын.