МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ОҢ ТӘЖІРИБЕ
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстаннның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында білім саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту бағытындағы Қызылорда облысының оң тәжірибесін атап өткен болатын.
Осы жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша облыста жалпы саны 52 899 баланы қамтитын 791 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. 2015 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 143 бірлікке жетіп, балалар саны 9548-ге артқан. 542 балабақшаның 158-і мемлекеттік, ал мемлекеттік-жеке әріптестік аясында жұмыс жасап жатқан жеке балабақшаның саны 384-ті құрап отыр. Жеке балабақшалардың үлесі 70,8 пайызды құрады (2015 жылы 60 пайыз). 2012 жылмен салыстырғанда мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде жұмыс жасап жатқан балабақшалар саны екі есе артқан.
Былтыр 550 орынға арналған 4 балабақшаның құрылысы жүргізілді, оның ішінде 370 орынға арналған 2 балабақша (Қазалы ауданының Жалаңтөс батыр елді мекеніндегі 90 орындық және Қызылорда қаласында Көшербаев көшесіндегі 280 орындық балабақша )пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қармақшы ауданындағы Жосалы кентінде 90 орындық «Айгөлек» және «Ертөстік» атты 2 балабақша 2017 жылдың 3 тоқсанында пайдалануға берілетін болады.
Соңғы бірнеше жылдар бойы жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылы 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен мерзімінен бұрын 100 пайыз қамтылды. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамту 52,4 пайыздан 54,3 пайызға өскен. Мектепалды даярлықпен балалар 100 пайыз қамтылды.