ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ 6 АҚПАН КҮНІ ҚАР ЖАУАДЫ
Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде және шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауады. Сондай-ақ көптеген аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман түседі деп күтілуде. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі және 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 метр/секунд жел болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 мерт/секундке жетеді.