ҮЕҰ ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗГЕРІСКЕ ҮН ҚОСАДЫ
Облыстағы ҮЕҰ басшылары Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы жанындағы ақпараттық-ресурстық орталықта «Жаңа экономика, жаңа қоғамдық қатынас және мемлекеттік басқарудың жаңа сапасы» атты лекция тыңдады. Лекция Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мен билік өкілеттіліктерін бөлісуге арналған бастамасына арналып отыр.
Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы жетекшісі Ақтолқын Сунгур оқыған лекцияда ҮЕҰ басшыларына қазіргі мемлекеттік басқару жүйесі, тәуелсіздік жылдарында ел Конституциясына енгізілген өзгерістер жайлы айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне де тоқталып өтті.
- Елбасы ұсынып отырған билік тармақтарын бөлісу демократиялық қоғам құру бағытындағы тарихи сәт саналады, - деді А. Сунгур. – Бұл өзгерістерге азаматтық қоғам да өз үнін қоса алады. Жаңа мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды қолдап, ел арасында насихаттайды.
Кездесу барысында ҮЕҰ мүшелері Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын да талқылады.
Азаматтық Альянс жетекшісі Жолдау жедел дамуымыздың негізгі бағыттарын айқындаған құнды құжат екендігіне тоқталды.